Құрылым

Еңбек заңнамасы бөлімі

Еңбек заңнамасы бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау.

Бөлім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардың сақталуы мен орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының сақталуын, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің орындалуын бақылайды.

Толығырақ

Телефон:

35-54-66

Электрондық пошта:

m.zhunisova@enbek.gov.kz

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, сондай-ақ белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», «Жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңдарының және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

Бөлімнің негізгі функциялары мен міндеттері:

• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

• өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулар мен кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

• Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру;

• еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауға мониторинг жүргізу.

Толығырақ

Телефон:

35-54-66

Электрондық пошта:

t.amirtaev@enbek.gov.kz

Талдау жұмысының бөлімі

Талдау жұмысының бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

Бөлімнің негізгі функциялары:

• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

• мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі бойынша 1-ОС, 1-ОС-ИУ, 2-ГИТ, 2-ГИТ-ИУ, 2-ГИТ-Т есептерін дайындау;

• ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтерді жинақтау;

• шетелдік жұмыс күші бойынша мәліметтерді жинақтау және қорыту;

• әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша жедел мәліметтерді дайындау;

• жұмыс берушілердің жалақыны уақтылы төлеуі бойынша жедел мәліметтерді жинақтау және ұсыну.

Толығырақ

Телефон:

35-54-66

Электрондық пошта:

n.toksharinova@enbek.gov.kz

Әдеп жөніндегі уәкіл

Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Толығырақ

Әдеп жөніндегі уәкіл:

Жокебаев Кайрат Едилович

Телефон:

355466

Электрондық пошта:

k.zhokebayev@enbek.gov.kz