ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
12 июня 2025
Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күн тәртібінен түсірген емес
 
Түркістан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілдері мен Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды интернет-алаяқтықтың қаупі туралы хабардар ету және оларды сақтық шараларымен таныстыру. Осыған орай кентаулық сақшылар халық көп шоғырланатын орындарда күнделікті ақпараттық ескерту жұмыстарын ұйымдастырып, 1000-нан астам жадынама таратты.
Полицейлер аталған шаралардың азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және алаяқтардың арбауына түспеу үшін үлкен ықпал ететініне сенеді. Интернет алаяқтықтың алдын алу – бұл тек полицияның міндеті емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жауапкершілігі.
 
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
02 июня 2025
Түркістан облысында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
 
Түркістан облысы полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтті. Кеңес жұмысына ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Ауқымды шараға арнайы техника, дрондар және тікұшақтар тартылып, өңірде 18 мобильдік топ құрылды.
Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарда екі бақылау-өткізу бекеті орнатылды. Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Саховтың мәлімдеуінше, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп, екі бірдей фитолабораторияның қызметі тоқтатылған. Сондай-ақ ҚР ІІМ өкілдері Халықаралық Қазақ-Түрік университеті мен Яссы колледжінің студенттерімен кездесіп, есірткінің ағзаға зияны мен қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Отырыста ведомствоаралық штаб пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мәжілістері өткізіліп, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланды. Жиын соңында қатысушылар құқық қорғау органдары, жергілікті билік пен қоғамның есірткіге қарсы күресте, әсіресе жастар арасында есірткіге төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Көші-қон қызметі
Жергілікті полиция қызметі
02 июня 2025
Полиция басшысы лагерь демалушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
 
Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шара өтті. Табиғаты әсем, балаларға барлық жағдай жасалған демалыс аймағында 10 бағыт бойынша түрлі іс-шаралар мен сайыстар ұйымдастырылды.
Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев қатысты. Олар балаларды төл мерекелерімен құттықтап, оқу үлгерімі мен өзге де салаларда жетістікке жеткен оқушыларға алғыс хаттар, сертификаттар пен сыйлықтар табыс етті.
Ал Түркістан облысының полицейлері балаларға жолда өзін қалай дұрыс ұстау, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, суға түсу ережелері мен пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік ережелерін еске салатын жаднамалар таратылды. Балалар мен ата-аналар үшін бұл шара қызықты әрі пайдалы болды, ал полицейлердің қатысуы балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосты.
 
Жергілікті полиция қызметі
02 июня 2025
Полицейлер жауынгерлік және қызметтік дайындық сабақтарын өткізді
 
Облыс полицейлерінің жауынгерлік және қызметтік даярлығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар күн тәртібінен шыққан емес. Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің Арнайы жұмылдыру басқармасы Түркістан қаласының Патрульдік полиция инспекторларын қоян-қолтық және арнайы қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу сияқты дағдыларға үйретіп, олардың біліктілігін арттыруда.
Маңызды іс-шараға Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев та қатысты. Барлық жаттығулар қажетті дағдылар мен моральдық-еріктік қасиеттерді дамытуға, қызметтік және жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін сақтауға, сондай-ақ зейінді, жауапкершілікті және бір-біріне деген сенімді дамытуға бағытталған.
Осылайша, сабақтардың бірі полицейлердің қауіп жағдайында үйлесімді жұмыс істеуіне, келісілген және бірыңғай бұйрық бойынша әрекет етуіне, ал екіншісі - рефлекстерді дамытуға және кенеттен жағдайларға дайын болуға бағытталды. Сонымен қатар, жеке құрамның арнайы және дене шынықтыру дайындығы бойынша қосымша сабақтар үнемі ұйымдастырылуда.
Күзет қызметі
29 мая 2025
Түркістан облысында терроризмге қарсы қорғау мәселелері бойынша семинар өтті
 
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Айтпаевтың төрағалығымен өңір аумағында қызмет көрсететін 78 жеке күзет ұйымдарының құрылтайшылары және директорларының қатысуымен "Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру туралы" семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға ҰҚКД, прокуратура, әкімдік өкілдері, әкстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, әкімшілік полиция және күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормалары, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидалары, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің кейбір баптарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, басқа да жайттар бойынша егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар белсенді пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Оған қоса объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушылар атап өткендей, семинар тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды, ал осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
29 мая 2025
Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды
 
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік пен басқа да тиісті сала мекемелерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай бір айлық іс-шараның ашылу жиыны өтті. Шараға оқушылар, студенттер және облыс орталығының тұрғындары қатысты.
Ауқымды жиынды Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып берді. Сондай-ақ спортшылар сөз сөйлеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері жауынгерлік әдіс-тәсілдерін көрсетсе, кинолог мамандар қызметтік иттермен түрлі жаттығуларын жасады.
Полиция полковнигі Қ.Сахов: «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық. Осы ретте ҚР ІІМ-нің «Профилактика жылы» аясында департамент бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен өңірде есірткіге қарсы күрес, жастарды қолдау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондықтан баршаңыздың есірткісіз қоғам құруға шақырамыз!»-деді.
Акция аясында полиция тарапынан түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Мақсат-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға шақыру.
Айта кетсек, 2025 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 139 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 18 фактісі тіркеліп, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Шара соңында облысқа белгілі әншілер мен жас спортшылар өнер көрсетіп, жиынның ерекше өтуіне үлес қосты.
Кадр саясаты
29 мая 2025
Түркістан облысы Полиция департаментінде заң қызметтерін жетілдіру шаралары қаралды
 
Түркістан облысы полиция департаментінде ҚР ІІМ-нің заң мен норма үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Олжас Шариповтың төрағалығымен кеңес өтті. Күн тәртібінде заң қызметтерінің жұмысы мен құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.
Кеңеске сот жүйесі, прокуратура, мемлекеттік қызмет істер агенттігі және қазынашылық өкілдері, полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облысы ПД-нің заң қызметі басшылары қатысты.
Кеңесте қызмет өткеру барысында туындайтын негізгі даулы мәселелер мен оларды сотта қарау тәжірибесіндегі мысалдар талқыланып, ұсыныстар енгізілді. Кеңес төрағасы жиын нәтижесімен көтерілген барлық ұсыныстар мен сын-пікірлер жинақталып, ІІМ-нің басшылығына жолданатындығын жеткізді.
Сондай-ақ бұл іс-шара өзара тәжірибе алмасу, құқықтық мәдениетті арттыру және жүйелік кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмауға бағытталған кәсіби алаңға айналатынына сенім білдірді. Жиын соңында Олжас Шарипов баршаға кәсіби ұстаным, ашық пікір және ортақ мақсатқа деген ниет үшін алғыс білдірді.
Криминалдық полиция
29 мая 2025
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды
 
Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады.
Анықталғандай 4 күдіктіден тұратын топалдын-ала сөз байласып, жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Содан кейін ұрланған малды жүк көлігіне артып әкетіп, сойып, етін сатқан.
Бүгінгі таңда күдіктілердің Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары белгілі болды. Шығын 19 миллион теңгеге жуық. Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция оқиғаның барлық мән-жайды тексеріп, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Штабтық қызмет
29 мая 2025
Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті
 
Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес өткізілді. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов төрағалық етті. Шараға салалық басқарма (бөлім) және қалалық, аудандық полиция басшылары, олардың орынбасарлары, бөлімше басшылары мен топ жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде облыс көлеміндегі апталық жедел жағдайдың ахуалы, оның ішінде мал ұрлығы қылмысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде мерзімі бұзылған істердің жай-күйі, республикалық «Қауіпсіз жол» іс-шарасының қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, атқарылған жұмыстар сараланды.
Мәселен есептік мерзімде қалалық және аудандық құрылымдармен – 9 357 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 6931-і жол қауіпсіздігі бойынша. Бейнебақылау камераларымен анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы саны – 2099.
Шара соңында полиция полковнигі Қ.Сахов, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында тиімді ұсыныстар әзірлеу, мал ұрлығы, алаяқтық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін профилактикалық және рейдтік шараларды күшейтуді міндеттеді
Кадр саясаты
29 мая 2025
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан полицейлерге сертификат табысталды
 
Түркістан облысы Полиция департаментінің 15 қызметкері 3 ай бойы ресми іс-қағаздар, білім, баспасөз-медиа және басқа да мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге негізделген тақырыптарда білім алды. Бүгін осы курстан өткен қызметкерлерге сертификаттары тапсырылды.
Іс-шара Полиция департаментінің базасында өтті. «Тілдерді оқыту және дамыту» орталығының оқытушысы Айкерім Жұмабаева арнайы келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысқан курс тыңдаушыларын марапаттады.
-«Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген қазақ тілін оқыту курсының В1 орта деңгейі бойынша сертификатын өздеріңізге ұсынамын. Әрқашан сауатты жазып, ойларыңызды нақты жеткізуге дағдыланыңыздар. Қызметтеріңізге сәттілік!»-деп атап өтті А.Жұмабаева.
Жиын соңында қатысушылар курс барысында алған білімдері мен әсерлерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Социальные сети
Түркістан облысы ПД-і to_police_departamenti
Түркістан облысының Полиция департаменті
Түркістан облысы Полиция департаменті
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы