«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 169 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі

туралы ұсынымды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
18 наурыздағы № 169 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы
    № 169 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Алматы,
    Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізсін.
  2. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі мен жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

2020  жылғы «22» наурыз

62-НҚ

Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі

_________________Б. Сұлтанов

2020  жылғы «22» наурыз

184-НҚ

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

__________________Е. Біртанов

 

Дата публикации
23 марта 2020