«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Әкімдіктің

                                                                              2017 жылғы «16» мамырындағы

                                                                         №91 қаулысымен

                                                                         бекітілген

 

 

«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

 ЕРЕЖЕ

                                          1.Жалпы ережелер

 

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

өз құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру қызметін жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын қабылдайды.
  6. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы  Майлин көшесі, 14 үй.
  8. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение  «Отдел внутренней политики акимата Амангельдинского района»

  1. Осы Ереже «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты: мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты насихаттау топтарының қызметін үйлестіру.
  2. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу;

2) мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;

     3) қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау;

 4) әлеуметтік – экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету;

 5) жастар саясаты саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру.

 «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме құру мақсатында жауап бермейтін қызметтермен айналысуға құқығы жоқ.

  1. Функциялары мен құқықтары:

«Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіппен, мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды жүзеге асырады:

1) аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу;

2) мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;

3) қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау;

4) әлеуметтік – экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдік қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі есептерді даярлау және бақылауды жүзеге асырады;

6) Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауды ұйымдастырады;

7) мемлекеттік өкімет органдары, ұйымдар, мекемелерге сай келетін Бөлімге жүктелген ақпараттық міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде ақпарат ала алады;

8) қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, бөлімнің мақсаты мен міндетіне жауап беретін басқа функцияларды орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасауды жүзеге асырады, мекемеге жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауапкершілікті мойнына алады;

2) өзінің қызметкерлерiнің жауапкершілік дәрежесін белгілейді және міндеттерін анықтайды;

3) мекеме қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

4) мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) өз құзыреті шегінде мекеме қызметкерлері орындауға міндетті, құқықтық актілерді шығарады;

6) оның құзыретіне қатысты, басқа да мәселелерге шешім қабылдайды.

7) белгіленген тәртіппен азаматтардың жеке қабылдауын, өтініштерін, шағымдарын және хаттарын қарауды жүргізеді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң шеңберінде құқық бұзушылыққа жол бергені және жасағаны үшін жауап береді.

   9) басқа да міндеттерді орындайды.

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдаған шешімі бастықтың қол қойған бұйрығымен рәсімделеді. «Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өткізген, заңдылықты сақтауды тексеруі оның құзыреті шеңберінде, бастық қол қойған, нұсқамасы негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 

  1. Бөлімнің жұмыс режимі

«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс күні сағат 9.00-де басталады және 18.30-ға дейін созылады, түскі үзіліс сағат  13.00-ден 14.30-ға дейін.

Жауапты  мамандары  үшін нормаланбаған жұмыс күні белгіленеді. Нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі ережелері толығымен тарайды. Қызметкерлердің функционалдық міндеттерінің көлемі лауазымдық қағидасымен анықталады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

«Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомствоаралық қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі 

 

«Амангелді ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы»

Дата публикации
21 апреля 2020