Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарда:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы «____» маусымдағы № ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы «____» маусымдағы № ___ бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № _____________ тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы қатар әзірленеді.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов