Тұрғындар үшін ескертулер
17.09.2026 - 11:43
Авариялық жұмыстар
"Қазақтелеком" АҚ Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты диспетчерлік қызметтің 7-39-15 телефон нөмірі уақытша өшірілді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде диспетчерлік қызметке уақытша ұялы телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (702) 650-61-06.
Диспетчерлік қызметтің негізгі нөмірінің жұмысын қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз.
Себебі:Жөндеу жұмыстарын жүргізу11.09.2026 - 08:41
Ескертулер
Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Ленин даңғылы 12 А мекенжайында орналасқан Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КММ ғимаратының аумағында террористік сипаттағы қатер туындаған жағдайда жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған оқу-жаттығу ісшарасын өткізу жоспарлануда.
Ісшараны өткізу кезеңінде ғимаратқа іргелес аумақта уақытша шектеу шаралары енгізіліп, белгіленген талаптардың сақталуына бақылау күшейтіледі.
Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу ісшарасына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар мен тартылған қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, сондай-ақ халық арасында тексерілмеген мәліметтер мен жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз.Себебі:Террористік сипаттағы қауіп туындаған кезде шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау жөніндегі іс-шаралар.04.09.2026 - 10:15
Ескертулер
«SaranTeploService» ЖШС жылу беру маусымына дайындық аясында 2026 жылғы 5 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін магистральдық және орамішілік жылу желілеріне барынша жоғары гидравликалық жүктемемен сынақ жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты жылу энергиясын тұтынушыларға, оның ішінде бизнес нысандарына, әлеуметтік сала объектілеріне, ПИК, МИБ-ге, сондай-ақ басқару нысаны жоқ тұрғын үйлердің тұрғындарына үйішілік жылу жүйелерінің кіреберіс ысырмаларының жабық болуын тексеру қажет.
Кейіннен үйішілік жылыту жүйелеріне жылу желісінен су толтыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Себебі:Жылыту маусымына дайындық10.06.2026 - 15:29
Ескертулер
Төтенше жағдайлардың қаупі төнген және олар туындаған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 11–12 маусым күндері Саран қаласының аумағында кешенді оқу-жаттығулар өткізіледі.
Тыныштық сақтап, дүрбелеңге жол бермеулеріңізді және өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.Себебі:Кешенді жаттығулар30.04.2026 - 09:12
Ескертулер
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Саран қаласында КМҚК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» ғимаратында (бұдан әрі – Орталық, (Чкалова көшесі 3/1) терроризм көріністеріне жедел әрекет ету бойынша оқу-жаттығу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Орталық ғимаратының айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.Саран қалалық терроризмге қарсы жедел штабы
Себебі:Учебное мероприятие26.09.2025 - 10:47
Ескертулер
2025 жылдың 26 қыркүйек күні Саран қалалық терроризмге қарсы жедел штабы «Саран-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізеді.
Ісшараның мақсаты құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қарағанды облыстық жедел штабыСебебі:Проведение антитеррористического учения в г. Сарань Саран қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу05.09.2025 - 14:45
Ескертулер
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс Рабочая көшесінде — Дубовка кентіне бұрылысынан Угольный кентіне бұрылысына дейінгі аралықта уақытша жабылады.
Шектеу бүгінгі күннің сағат 14:00-ден бастап күшіне енеді және үш күнге, дүйсенбіге дейін жалғасады.
Маршруттарыңызды жоспарлағанда осы ақпаратты ескеріп, алдын ала балама жолдарды таңдауыңызды сұраймыз.
Себебі:Автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу22.07.2025 - 14:37
Ескертулер
«Жер-2025»Республикалықкомандалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу шеңберінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексерумақсатында «Баршаның назарына!», 2025 жылғы 24 шілдеде сағат 10.00-де барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
Себебі:Командалық-штабтық жаттығулар06.03.2025 - 10:25
Ескертулер
Қарағанды облысында «Баршаның назарына!» белгісі бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында 6 наурызда сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті сабырлық сақтауды және үрей мен дүрбелеңге бой бермеуді сұрайды.
Себебі:Командалық-штабтық жаттығулар17.09.2024 - 08:45
Ескертулер
Бүгін 2024 жылғы 17 қыркүйегінде Саран қаласының аумағында құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің қатысуымен терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.
Шараның мақсаты-терроризмге қарсы күрес жөніндегі Саран қалалық жедел штабының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары мен қонақтарынан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұраймыз.Саран қалалық терроризмге қарсы жедел штабы
Себебі:Қаланың құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің қатысуымен терроризмге қарсы жаттығулар