Жиі қойылатын сұрақтар
2026 жылғы 1 шілдеден бастап объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету фактісін растауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Сәйкестік туралы декларация — аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.
Қолжетімділік бөлігінде декларация мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының кедергісіз қол жеткізуі мен қозғалуына жағдайлардың қамтамасыз етілгенін растайды.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда Департамент 7 жұмыс күні ішінде ұйымға барып, құжаттарға тексеру жүргізеді. Осыдан кейін қорытынды қалыптастырылып, қызмет көрсетушінің қарауына жіберіледі
Лицензияда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімделуге жатады.
Лицензия алуға өтініш электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
Негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Лицензиялау — ұйымның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік растау рәсімі.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау міндетті болып табылады.
Анықталған бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған не нұсқаманың орындалғаны туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген мерзімдерде жоюға және олардың жойылғаны туралы ақпаратты бақылау және қадағалау органына қажет болған жағдайда қоса берілетін құжаттармен бірге ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік бақылау арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асырылады. Оған мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (АОЖБ) орындау мәселелері де кіреді