«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолда:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
8) |
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге |
|
БЛА-дан 540%
|
|
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы «___» ________ №___ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
11-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары
жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне,
қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек
жағдайлары үшін қосымша ақылар
|
Р/с № |
Қосымша ақылардың атауы |
Қосымша ақылардың түрлері |
Қосымша ақылардың мөлшері |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
|
Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы |
|
|
|
1) |
Қызметкерлерге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында жұмыс істегені үшін |
|
БЛА-дан 25 % |
Оған медициналық, педагогикалық қызметкерлер және қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының қызметкерлері жатпайды |
|
2) |
Мыналар: белгілі бір тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнының;
әкімшілік тәртіппен тұтқындалған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орнының (дезинфекторларды қоспағанда) қызметкерлеріне |
|
БЛА-дан 30 %
БЛА-дан 30 % |
|
|
3) |
Қызметкерлерге: қауіпсіздік жағдайы ең жоғары (қатаң режимдегі) мекемелерде;
қауіпсіздік жағдайы төтенше (ерекше режимдегі) мекемелерде;
толық қауіпсіздік жағдайдағы мекемелерде (түрмеде); тергеу изоляторларын қоспағанда, қауіпсіздігі аралас мекемелерде (әртүрлі режим түріне сотталғандарды ұстауға арналған мекемелер), мынадай жағдайда жазасын өтеуші адамдарды ұстау үшін орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары (жалпы және қатаң режимдер), орташа және төтенше қауіпсіз (жалпы және ерекше режимдер), қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз (қатаң және ерекше режимдер) бас бостандығын айыруға сотталған адамдарды емдеу үшін ауруханалар мен арнайы құрылған басқа да мекемелерде, егер соттың үкімімен қауіпсіздік жағдайы ең жоғары (қатаң режимдегі), төтенше (ерекше режимдегі) мекемелерде немесе қауіпсіздік жағдайы ең жоғары (қатаң режимдегі), төтенше (ерекше режимдегі) мекемелерде бас бостандығынан айыруды өтеу белгіленген емдеудегі сотталған адамдардың саны барлығын қосқанда мекемені толтыру лимитінің (төсек-орын саны) 50 пайызынан астамын құраса; тергеу изоляторларында, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және олардың учаскелерінде, ауруханаларда туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған сотталған адамдарды ұстау және амбулаторлық емдеу үшін арнайы құрылған емдеу құқығындағы мекемелерде жұмыс істегені үшін |
|
БЛА-дан 13 %
БЛА-дан 15 %
БЛА-дан 15 %
БЛА-дан 13 %
БЛА-дан 15 %
БЛА-дан 15 %
БЛА-дан 15 %
БЛА-дан 15 % |
Көрсетілген қосымша ақы туберкулезбен ауыратындарды ұстауға толық арналмаған аталған мекемелердің туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін қызметкерлеріне айлық жұмыс уақыты нормасының кемінде 50 % мөлшерінде белгіленеді |
|
4) |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының қызметкерлеріне |
|
БЛА-дан 20 % |
|
|
5) |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, тергеу изоляторларының қоғамдық тамақтандыру және сауда орындарының қызметкерлеріне |
|
БЛА-дан 20 % |
|
|
6) |
Мекемелердің дезинфекторларына |
|
БЛА-дан 45 % |
|
|
7) |
Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізгені үшін |
|
БЛА-дан 50 % |
|
Ескертпе:
Реттік нөмірі 1-жолдың 3) және 6) тармақшалары тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциярлық) мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қызметкерлерге де таратылады.