ЖШС қалай ашуға болады

Жүктеу

Что нужно подготовить перед открытием ТОО

Жаңадан кәсіпкерлік қызметті бастаған кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін өтініш бергенге дейін шешілуі тиіс негізгі мәселелердің қысқаша тізбесін ұсынамыз:

  1. Құрылтайшылардың санын анықтау.
  2. ЖШС атауын таңдау.
  3. Кәсіпкерлік санатын анықтау.
  4. ЖШС құру туралы шешімді немесе құрылтай жиналысының хаттамасын дайындау.
  5. Қажет болған жағдайда құрылтай шартын жасасу.
  6. Жарғыны бекіту немесе үлгілік жарғыны таңдау.
  7. Жарғылық капиталдың мөлшерін анықтау.
  8. Басшыны тағайындау.
  9. Заңды мекенжайды анықтау және жылжымайтын мүлік иесінің келісімін алу.
  10. ЭҚЖЖ бойынша негізгі қызмет түрін таңдау.
  11. Бенефициарлық меншік иесін (бенефициарлық меншік иелерін) анықтау.
  12. Бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді дайындау: тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН немесе шетелдік сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері және қатысу үлесі не бақылауды жүзеге асырудың өзге де негіздері туралы мәліметтер.
  13. Өтініш беру үшін ЭЦҚ мен қажетті мәліметтерді дайындау.
  14. Жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түсу жоспарланып отырғанын анықтау.
  15. Қолайлы салық режимін таңдау.

Қазақстанда ЖШС ашу құжаттарды дұрыс дайындаған және заңнама талаптарын сақтаған жағдайда электрондық өтініш беру арқылы, яғни «цифрлық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық өтінішті беру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте кәсіпкерлік санатын ескеру қажет, өйткені мемлекеттік тіркеу тәртібі мен құрылтай құжаттарына қойылатын жекелеген талаптар осы санатқа байланысты болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны тіркеуді, банктік шот ашуға өтініш беруді және заңда көзделген ерекшелікті ескере отырып, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға өтініш беруді біріктіретін композиттік мемлекеттік көрсетілетін қызметті пайдалану арқылы электрондық тіркеу көзделген.

Құрылтайшылар, басшы және бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтердің дұрыстығына ерекше назар аудару қажет.

Тіркеуден кейін салық салу мәселелерін уақтылы шешу, банктік шот ашу және сақтандыруды ресімдеу нәтижелерін тексеру, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және басқа да міндетті рәсімдерді орындау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:106
  1. Что нужно подготовить перед открытием ТОО