Құжаттарыңызды жоғалтып алдыңыз
ЖүктеуЖеке куәлік жоғалған кезде не істеу керек
|
Жеке куәлікті ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы береді. Жоғалған жеке куәлікті қалпына келтіру кезінде мемлекеттік баж 0,2 АЕК құрайды. Жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтқан жағдайда мемлекеттік баж 1 АЕК құрайды. Заңнамада көзделген жеңілдіктері бар адамдар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні. |
Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған жағдайда Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:
Жоғалған жағдайда:
- Жеке куәлікті қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын көрсету қажет;
- Мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат (бар болса);
- Анықтама алу үшін мемлекеттік бажды төлеу QR коды арқылы екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшалары немесе «Қазпочта» АҚ кассасы арқылы өтініш беру барысында жүзеге асырылады;
- Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).
Ұрланған жағдайда:
- Жеке куәліктің ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама;