Сіз көлік алсаңыз
ЖүктеуКіріспе
Автокөлік сатып алу оның техникалық жай-күйін, иелену тарихын тексеруді, мәмілені ресімдеуді және көлік құралын мемлекеттік тіркеуді немесе қайта тіркеуді қамтиды.
Пайдаланылған автокөлікті сатып алмас бұрын меншік иесі туралы мәліметтерді, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірінің (VIN) тіркеу құжаттарындағы деректерге сәйкестігін тексеру ұсынылады.
Сатып алғаннан кейін автокөлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеу немесе қайта тіркеу қажет.
