Сіз көлік алсаңыз

Жүктеу

«Азаматтарға арналған үкіметтің» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ мамандандырылған бөлімінде құжаттарды ресімдеу

Автокөліктерді мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған бөлімдері, цифрлық үкімет порталы және өзге де көзделген ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырады.

Автокөлікті қайда тіркеуге болады?

  • Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (мамандандырылған ХҚКО).

  • eGov.kz порталы арқылы.

  • Тиісті мемлекеттік қызметті алуды көздейтін өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы.

Автокөлікті онлайн қалай қайта тіркеуге болады?

  1. Сатушы eGov.kz порталында авторизациядан өтеді.

  2. Көлік құралын тіркеу немесе қайта тіркеу қызметін таңдайды.

  3. Автокөлікті және сатып алушының ЖСН-ін көрсетеді.

  4. Электрондық сұрау салуға ЭЦҚ арқылы қол қояды.

  5. Сатып алушы жеке кабинетінде келіп түскен сұрау салуды растайды.

  6. Тіркеу құжаттары мен нөмірлік белгілерді алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ны таңдайды.

  7. Заңнамада көзделген төлемдерді төлейді және сұрау салуға қол қояды.

  8. Оң нәтиже алынғаннан кейін тараптар бұрынғы тіркеу құжаттары мен нөмірлік белгілерді тапсыру және жаңаларын алу бойынша қажетті әрекеттерді орындайды.

Портал арқылы электрондық қайта тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету шарттарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға қолжетімді.

Қандай құжаттар қажет?

Құжаттар тізбесі тіркеу әрекетінің түріне байланысты.

Көзделген жағдайларда мынадай құжаттар талап етілуі мүмкін:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

  • көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат;

  • көлік құралын тіркеу туралы бұрынғы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері;

  • техникалық және тіркеу құжаттамасы;

  • тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;

  • Тіркеу қағидаларында көзделген қосымша құжаттар, оның ішінде бастапқы тіркеу немесе автокөліктің конструкциясын өзгерту кезінде.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші белгіленген тәртіппен сұратады.

Бастапқы тіркеудің ерекшеліктері

Бастапқы мемлекеттік тіркеу автокөлік Қазақстан Республикасында алғаш рет есепке қойылған кезде жүргізіледі.

Автокөліктің шығарылған еліне, санатына және сипаттамаларына байланысты кедендік ресімдеу, қауіпсіздік талаптарына сәйкестік туралы құжаттар, сондай-ақ кәдеге жарату төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер талап етілуі мүмкін.

Тіркеу қағидаларында көзделген жағдайларда көлік құралының сәйкестендіру деректерін тексере отырып, оны қарап-тексеру жүргізіледі.

Қазақстан аумағында ресми дилерлерден сатып алынған автокөліктер үшін бастапқы тіркеудің жеке электрондық қызметі көзделген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы:

  • тіркеу және қайта тіркеу — 90 минут;

  • бастапқы тіркеу — 120 минут.

Цифрлық үкімет порталы және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы:

  • тіркеу және қайта тіркеу — 60 минут;

  • бастапқы тіркеу — 120 минут.

Мерзімдер мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген рәсімнің ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады.

Тіркеу құны

Автокөлікті мемлекеттік тіркеу кезінде мынадай төлемдер көзделген:

  • тіркеу алымы;

  • көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (КҚТК) бергені үшін мемлекеттік баж;

  • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) бергені үшін мемлекеттік баж.

Бастапқы тіркеу кезінде заңнамада көзделген жағдайларда кәдеге жарату төлемін қоса алғанда, қосымша міндетті төлемдер туындауы мүмкін.

Тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне және айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) қолданылатын мөлшеріне сәйкес айқындалады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу немесе қайта тіркеу нәтижелері бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері беріледі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылады.

Жаңарту күні: Көру саны:4034
  1. «Азаматтарға арналған үкіметтің» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ мамандандырылған бөлімінде құжаттарды ресімдеу