Сіз көлік алсаңыз
ЖүктеуМәміленіжүзеге асыру
Автокөлікті тексергеннен кейін тараптар сатып алу-сату шартын ресімдеуге кірісе алады.
1. Мәміле шарттарын келісіңіз.
Шартқа қол қоймас бұрын автокөліктің құнын, төлем жасау тәртібін, көлік құралы мен құжаттарды беру шарттарын келісу қажет.
2. Сатып алу-сату шартын ресімдеңіз.
Шартта сатушы мен сатып алушы туралы мәліметтер, автокөліктің деректері, оның құны және тараптар келіскен басқа да шарттар көрсетілуі тиіс.
Автокөлікті сатып алу-сату мәмілелерінің әрқайсысы үшін шартты нотариуста ресімдеу міндетті емес. Тараптар өз қалауы бойынша немесе заңнамада көзделген жағдайларда нотариусқа жүгіне алады.
Мәміле жасау кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік етуге, өкілдік етуге және көлік құралын иеліктен шығаруға шектеулердің болуына қатысты заңнама талаптарын ескеру қажет.
3. Төлем жасаңыз.
Есеп айырысу Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтай отырып, қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақшалай қаражаттың берілгенін растайтын құжаттарды сақтау ұсынылады.
4. Меншік құқығының ауысуын ресімдеңіз және қайта тіркеуден өтіңіз.
Мәміле жасалғаннан кейін автокөлікті жаңа меншік иесінің атына мемлекеттік қайта тіркеуден өткізу қажет.
Қазақстанда бұрын тіркелген автокөліктер үшін белгіленген шарттар сақталған жағдайда электрондық қайта тіркеу рәсімі қолжетімді.
