Сіз көлік алсаңыз
ЖүктеуАвтомобиль туралы деректерді жинау
Автокөлік сатып алмас бұрын оның техникалық жай-күйін, құжаттарын және құқықтық тарихын тексеру ұсынылады.
1. Автокөліктің құжаттары мен мәліметтерін тексеріңіз.
VIN-кодты, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ), автокөліктің маркасын, моделін, шығарылған жылын және басқа да сипаттамаларын көлік құралын тіркеу туралы куәліктегі (КҚТК) мәліметтермен салыстырыңыз.
Сатушының автокөліктің меншік иесі екеніне немесе оны сатуға заңды өкілеттігі бар екеніне көз жеткізіңіз.
2. Автокөліктің құқықтық тарихын тексеріңіз.
Мәміле жасамас бұрын мынадай мәліметтерді нақтылау ұсынылады:
-
бұрынғы меншік иелерінің саны және тіркеу тарихы;
-
кепілдің, тыйым салудың және басқа да шектеулердің болуы;
-
автокөліктің іздеуде болуы туралы мәліметтер;
-
көлік құралына қатысты төленбеген айыппұлдар мен салық берешегінің болуы;
-
тиісті ақпараттық жүйелерде қолжетімді болған жағдайда жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер.
Тексеру үшін ресми мемлекеттік сервистерді, оның ішінде eGov.kz порталын және уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын пайдаланыңыз.
3. Техникалық жай-күйін тексеріңіз.
Автокөліктің шанағын, қозғалтқышын, жүріс бөлігін және электрондық жүйелерін тексеріңіз. Қажет болған жағдайда диагностика жүргізу үшін мамандандырылған автосервиске жүгініңіз.
Сондай-ақ көлік құралының тиісті санаты мен пайдалану шарттары үшін техникалық қарап-тексеруден өту міндетті болса, оның қолданыстағы техникалық қарап-тексеруден өткенін тексеру ұсынылады.
Маңызды! Онлайн-тексеру нәтижелері автокөлікті қарап-тексеруді және құжаттардың түпнұсқалығын тексеруді алмастырмайды.
