«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-сыныптарында оқитын азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) 7-сыныптарында оқу үшін конкурсқа қатыса алады.

Грант конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша дарынды балалардың Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу ақысын төлеу үшін беріледі.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қарашадан 28 желтоқсанға дейін қоса алғанда.

Мемлекеттік қызмет көрсету құны: тегін.

Өтінішті қарау мерзімі: 1 жұмыс күні.

Өтініш беру тәсілдері:

  • eGov.kz порталы арқылы онлайн;

  • Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы арқылы қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: үміткердің конкурсқа қатысуына арналған рұқсаттама немесе дәлелді бас тарту.

  1. Кіріспе