«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу

Жүктеу

Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз

Республикалық комиссия стипендия тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін оқу немесе тағылымдаманы ресімдеу шарттарын орындау қажет.

1-қадам. Шарт жасасыңыз

Оқу немесе тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгініңіз.

2-қадам. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ресімдеңіз

Бағдарламаның санаты мен шарттарына байланысты кепілмен қамтамасыз етуді және (немесе) кепілдіктерді ресімдеу талап етілуі мүмкін.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, құжаттарға және мерзімдерге қойылатын нақты талаптар қолданыстағы Қағидалармен және шарт талаптарымен айқындалады.

3-қадам. Шетелге шығу үшін құжаттарды дайындаңыз

Шарт жасасқаннан кейін оқу немесе тағылымдамадан өту үшін қажетті құжаттарды, оның ішінде талап етілетін жағдайларда визалық құжаттар мен қаржыландыруды растайтын құжаттарды ресімдеңіз.

4-қадам. Бағдарлама шарттарын сақтаңыз

Оқу немесе тағылымдамадан өту кезінде шарт талаптарын сақтау, көзделген есептілікті ұсыну және оқуға әсер ететін мән-жайлар туралы бағдарлама әкімшісін уақтылы хабардар ету қажет.

5-қадам. Бағдарлама аяқталғаннан кейін міндеттемелерді орындаңыз

Оқу немесе тағылымдама аяқталғаннан кейін стипендиат шарт талаптарын, оның ішінде еңбек қызметіне қатысты көзделген талаптарды орындауға міндетті.

Ресімдеу, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және куратормен өзара іс-қимыл жасаудың егжей-тегжейлі тәртібін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан нақтылау қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:2121
  1. Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болдыңыз