«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу
ЖүктеуКонкурстық іріктеуді өткізу
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі.
Бірінші тур — кешенді тестілеу
Үміткердің зияткерлік қабілеттері, жеке тұлғалық және іскерлік құзыреттері, сондай-ақ шетелде оқуға психологиялық дайындығы бағаланады.
Екінші тур — әңгімелесу
Тәуелсіз сараптама комиссиясы жеке әңгімелесу өткізеді, оның барысында үміткердің кәсіби даярлығы, білімі мен құзыреттері бағаланады.
Үшінші тур — Республикалық комиссияның шешімі
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия конкурстық іріктеу нәтижелерін қарап, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
Нәтижелер туралы ақпарат белгіленген тәртіппен бағдарлама әкімшісінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
