«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу
ЖүктеуҚажетті құжаттарды дайындау
Құжаттар тізбесі таңдалған оқу бағытына және үміткердің санатына байланысты болады.
Негізгі құжаттар:
-
Белгіленген нысан бойынша үміткердің сауалнамасы.
-
Жеке басын куәландыратын құжат және паспорт.
-
Қосымшасы бар білім туралы құжат.
-
Мемлекеттік тілді белгіленген деңгейде меңгергенін растайтын құжат.
-
Шетелге шығатын адамдарға арналған белгіленген нысандағы медициналық анықтама.
-
Уәждемелік хат.
-
Таңдалған санат үшін Қағидаларда көзделген өзге де құжаттар.
Санатқа байланысты қосымша құжаттар:
-
Бакалавриат үшін: халықаралық олимпиаданың немесе ғылыми жобалар конкурсының дипломы, шетелдік жоғары оқу орнына қабылданғанын растайтын құжаттар, кәмелетке толмаған үміткер үшін заңды өкілінің келісімі.
-
Өз бетінше оқуға түскен үміткерлер үшін: бекітілген тізімге енгізілген шетелдік жоғары оқу орнына шартсыз қабылданғанын растайтын құжат.
-
Магистратураның кәсіптік санаттары үшін: еңбек қызметін растайтын құжаттар, міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер, тілдік сертификат, ал көзделген жағдайларда жұмыс берушінің өтінімі.
-
Докторантура үшін: оқуға қабылданғанын растайтын құжат және келісілген жеке оқу жоспары.
-
Тағылымдама үшін: қабылдаушы ұйымның шақыруы, тағылымдама бағдарламасы, кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар және жұмыс берушінің өтінімі.
Шет тілінде ресімделген құжаттар Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәртіппен аудармаларымен бірге ұсынылады.
Құжаттарды тапсыру
Конкурсқа қатысу туралы өтініш eGov.kz порталы арқылы электрондық форматта беріледі.
Өтініш бермес бұрын құжаттардың қолданыстағы тізбесін және таңдалған санаттың талаптарын тексеру қажет.
