Электрондық визаға қалай өтініш беруге болады?

Жүктеу

Электрондық виза алу

Ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасының электрондық визасы өтініш берушінің Визалық-көші-қон порталындағы жеке кабинетіне түседі.

Өтініш беруші визада көрсетілген дербес деректерді, қолданылу мерзімін, виза санатын және басқа да мәліметтерді тексеруі қажет.

Электрондық визаның ерекшеліктері

  • Электрондық виза қабылдаушы тараптың келісілген шақыруы негізінде ресімделеді.

  • Электрондық виза тек өзі берілген адам үшін жарамды және онымен бірге жүретін адамдарға қолданылмайды.

  • Электрондық виза бойынша Қазақстан Республикасына кіру және елден шығу тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

  • Паспорт ауыстырылған жағдайда электрондық визаны қайта ресімдеу қажет.

  • Елде болу мерзімі мен сапар мақсаты берілген визаның шарттарымен айқындалады.

Электрондық визаны сақтап, қажет болған жағдайда көрсету үшін оның басып шығарылған көшірмесін өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.

Жаңарту күні: Көру саны:401
  1. Электрондық виза алу