Электрондық визаға қалай өтініш беруге болады?
ЖүктеуКонсулдық алымды төлеу
- Виза (консулдық) алымын төлеу портал арқылы банк картасымен онлайн режимінде жүзеге асырылады.
- Төлем мөлшері виза санатына және кіру санына байланысты.
Ескерту:
Визадан бас тартылған жағдайда консулдық алым қайтарылмайды.
Өтінімді қарау
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат немесе түсініктеме сұралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының электрондық визасын ресімдеу мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.
Электрондық виза қабылдаушы тараптың келісілген шақыруы негізінде ресімделеді. Консулдық алым төленгеннен кейін ресімделген электрондық виза өтініш берушінің Визалық-көші-қон порталындағы жеке кабинетіне түседі.
Шақыруды ресімдеу мерзімі электрондық визаны ресімдеудің көрсетілген мерзіміне кірмейді.
