Электрондық визаға қалай өтініш беруге болады?
ЖүктеуВизалық қолдау алу (шақыру)
Қазақстан Республикасының электрондық визасын ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген қабылдаушы тараптың шақыруы қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жеке немесе заңды тұлға қабылдаушы тарап бола алады.
Шақыру Қазақстан Республикасына шақыруларды ресімдеу және визаларды беру қағидаларында белгіленген тәртіппен ресімделеді және келісіледі.
Шақыру келісілгеннен кейін қабылдаушы тарап шетелдік азаматқа электрондық визаны ресімдеу үшін қажетті шақыру нөмірін хабарлайды.
Электрондық виза келісілген шақырудың деректері негізінде ресімделеді.
