Электрондық визаға қалай өтініш беруге болады?
ЖүктеуЭлектрондық виза алу құқығын тексеру
Электрондық визаны алу құқығын тексеру
Өтініш берер алдында шетелдік азамат өзінің азаматтығы бар мемлекет пен сапар мақсаты үшін Қазақстан Республикасының электрондық визасын ресімдеу мүмкіндігі көзделгенін тексеруі қажет.
Кіру негізіне байланысты заңнамада мынадай түрдегі бір мәртелік электрондық визаларды ресімдеу көзделген:
-
қызметтік;
-
инвесторлық;
-
іскерлік;
-
жеке;
-
туристік;
-
емделуге арналған визалар.
Нақты виза санаты Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу және беру жөніндегі қолданыстағы қағидаларға сәйкес айқындалады.
Электрондық визаны кімдер ала алады
Электрондық визалар Қазақстан Республикасына шақыруларды ресімдеу және визаларды беру қағидаларының 11-қосымшасында бекітілген тізбеге енгізілген мемлекеттердің азаматтарына ресімделеді.
Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары үшін арнайы шарт көзделген: B3 санатындағы бір мәртелік электрондық іскерлік визаны ресімдеу.
Өтініш берер алдында Қазақстан Республикасының ресми Визалық-көші-қон порталында мемлекеттердің өзекті тізбесін және қолжетімді виза санаттарын тексеру қажет.
Электрондық виза белгіленген тәртіппен келісілген қабылдаушы тараптың шақыруы негізінде ресімделеді.
