Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қалай алуға болады?

Жүктеу

eGov.kz порталы арқылы өтініш беру

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алуға өтініш eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда беріледі.

Мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. Электрондық өтінішті ресімдеуге өтіңіз.

  3. Объект немесе жоба туралы қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

  4. Көзделген құжаттарды тіркеңіз.

  5. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  6. Жеке кабинетіңізде өтініштің мәртебесін қадағалаңыз.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  • Эпидемиялық маңызы жоғары объектіге СЭҚ беру — 13 жұмыс күні.

  • Нормативтік құжаттама жобасына СЭҚ беру — 10 жұмыс күні.

Құны: тегін.

Объектіні тексеру қалай жүргізіледі?

Өтініш келіп түскеннен кейін уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және объектіге кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген жағдайда, объектіге бару арқылы оның белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауы жүргізіледі.

Тексеру нәтижелері бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

  • санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

  • мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Нәтиже электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Маңызды! Объектіге бару арқылы тексеру объектілерге СЭҚ беру кезінде көзделген. Нормативтік құжаттама жобаларын қарау кезінде ұсынылған материалдарға сараптама жүргізудің тиісті тәртібі қолданылады.

 
Жаңарту күні: Көру саны:255
  1. eGov.kz порталы арқылы өтініш беру