Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қалай алуға болады?

Жүктеу

СЭҚ алу үшін құжаттарды дайындау

Қажетті құжаттардың тізбесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (СЭҚ) қандай мақсатта ресімделетініне байланысты: эпидемиялық маңызы жоғары объектіге немесе нормативтік құжаттама жобасына.

Эпидемиялық маңызы жоғары объектіге СЭҚ алу үшін мыналар қажет:

  1. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

  2. Қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулердің белгіленген тізбесіне сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері.

  3. Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары үшін объектіні тексеру барысында зертханалық зерттеулер жүргізудің ерекше тәртібі көзделген.

Нормативтік құжаттама жобасына СЭҚ алу үшін мыналар қажет:

  1. ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш.

  2. Тиісті нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.

  3. Егер жобаның нақты түрі үшін көзделсе, қосымша материалдар.

Мысалы, белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғаныш аймақтары мен санитариялық қорғау аймақтары үшін бір жылдық цикл ішінде жүргізілген заттай зерттеулер мен өлшеулердің хаттамалары көзделген.

Жаңарту күні: Көру саны:330
  1. СЭҚ алу үшін құжаттарды дайындау