Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қалай алуға болады?

Жүктеу

СЭҚ алу қажеттілігін анықтау

Өтініш бермес бұрын нақты объектіге немесе жобаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алу қажеттігін анықтау керек.

Қандай жағдайларда СЭҚ ресімделеді?

1. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін.

СЭҚ заңнамаға сәйкес эпидемиялық маңызы жоғары санатқа жатқызылған объектілер үшін, егер оларға рұқсат беру тәртібі белгіленген болса, талап етіледі.

2. Нормативтік құжаттама жобалары үшін.

СЭҚ заңнамада көзделген жобаларға қатысты ресімделеді, оның ішінде:

  • қоршаған ортаға зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділері, физикалық факторлар бойынша нормативтік құжаттама жобалары;

  • санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарының жобалары;

  • шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне арналған нормативтік құжаттама жобалары;

  • топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға түсетін химиялық, биологиялық, токсикологиялық және радиологиялық жүктеме материалдары бойынша жобалар мен есептер.

СЭҚ алу қажеттілігін қалай анықтауға болады?

  1. Объектінің немесе жобаның түрі мен мақсатын нақтылаңыз.

  2. Оның эпидемиялық маңызы жоғары объектілер санатына немесе жобалық құжаттаманың белгіленген түрлеріне жататынын тексеріңіз.

  3. Қажет болған жағдайда түсіндірме алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне жүгініңіз.

Маңызды! Кәсіпкерлік қызметтің әрбір объектісі үшін СЭҚ алу талап етілмейді. Оны алу міндеттілігі қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:376
  1. СЭҚ алу қажеттілігін анықтау