Әскери зейнеткерлерге санаторий-курорттық емдеуді қалай алуға болады?

Жүктеу

СКҰ картасын алыңыз

Санаторийлік-курорттық картаны ресімдеу үшін:

  1. Денсаулық сақтау ұйымындағы емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.

  2. Дәрігердің тағайындауы бойынша медициналық тексеруден және қажетті зертханалық әрі аспаптық зерттеулерден өту қажет.

  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық картаны алу қажет.

  4. Санаторийге келу күнін және санаторийлік-курорттық ұйымның талаптарын нақтылау қажет.

Әскери зейнеткерді санаторийлік-курорттық емдеуге жіберу үшін қажетті құжаттар:

  • № 723 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама;

  • 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық карта.

Картаны ресімдеу кезінде медицина қызметкері санаторийлік-курорттық емдеуге медициналық көрсетілімдердің бар-жоғын және жалпы қарсы көрсетілімдердің жоқтығын тексереді.

Жаңарту күні: Көру саны:96
  1. СКҰ картасын алыңыз