Әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және әскери зейнеткерлерге медициналық көмекті қалай алуға болады?
ЖүктеуАмбулаториялық немесе стационарлық медициналық көмекке жүгініңіз
1. Әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер үшін
Медициналық көмек алу үшін әскери қызметші әскери-медициналық мекемеге немесе әскери бөлімнің медициналық бөлімшесіне жүгінеді.
Дәрігер қарап-тексеру жүргізеді, зерттеп-қарау мен емдеу қажеттілігін анықтайды. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда әскери қызметші стационарлық емдеуге жіберіледі.
Әскери-медициналық мекемеде қажетті медициналық көмек болмаған жағдайда
Әскери-медициналық қамтамасыз ету қағидаларының 2-2-тармағына сәйкес:
-
амбулаториялық көмек көрсету үшін тиісті бөлімше, маман немесе арнайы жабдық болмаған жағдайда әскери қызметші тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына жіберіледі;
-
стационарлық медициналық көмек көрсетуді әскери-медициналық мекемелер, оның ішінде басқа денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық қызметтерді сатып алу арқылы ұйымдастыра алады;
-
әскери-медициналық мекемелер амбулаториялық медициналық көмекті басқа денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық қызметтерді сатып алмай көрсетеді.
2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және заңнамада көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен босатылған адамдар үшін
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет.
Әскери-медициналық мекемелерде консультациялық-диагностикалық көмек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарт шеңберінде көрсетіледі.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда дәрігер стационарлық емдеу қажеттілігін анықтайды.
3. Жоспарлы емдеуге жатқызу
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызу медициналық ұйымның жолдамасы бойынша Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің және әскери қызметтен босатылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әскери-медициналық мекемелерге бөлінген қаражат есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде емдеуге жатқызу да көзделген.
Бұл жағдайда емдеуге жатқызу әскери госпитальдың (лазареттің) емханалық бөлімшесінің жолдамасы бойынша немесе Қағидаларда көзделген жағдайларда тікелей жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
4. Шұғыл медициналық көмек
Шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайларда дереу медициналық көмекке жүгіну немесе 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру қажет.
Шұғыл медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі.
Медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде емдеуге жатқызу медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, көзделген қаржыландыру шегінде және Әскери-медициналық қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
