Әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және әскери зейнеткерлерге медициналық көмекті қалай алуға болады?
ЖүктеуМедициналық көмек алушының санатын анықтаңыз
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері
Әскери қызметшілер әскери госпитальдарда, лазареттерде, емханаларда және әскери бөлімдердің медициналық бөлімшелерінде бюджет қаражаты есебінен әскери-медициналық көмек алады.
Медициналық көмек амбулаториялық және стационарлық емдеуді, медициналық қарап-тексерулерді, зерттеп-қарауларды және заңнамада көзделген басқа да іс-шараларды қамтиды.
2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері әскери-медициналық мекемелерде заңнамада белгіленген шарттармен медициналық көмек алады.
Медициналық көмектің түріне және белгіленген негіздерге байланысты ол:
-
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде;
-
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде;
-
әскери-медициналық мекемелерге бөлінген қаражат есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде көрсетілуі мүмкін.
Әскери-медициналық мекемелерде алғашқы медициналық-санитариялық көмек тиісті медициналық ұйымға тіркелген жағдайда көрсетіледі.
Консультациялық-диагностикалық көмек әскери-медициналық мекемелермен жасалған шарт шеңберінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен көрсетіледі.
3. Әскери қызметтен босатылған адамдар
Медициналық қамтамасыз етудің арнайы тәртібі мынадай негіздер бойынша әскери қызметтен босатылған адамдар үшін көзделген:
-
әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты;
-
әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты туындаған ауру салдарынан денсаулық жағдайы бойынша;
-
20 жыл және одан да көп еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда.
Аталған санаттарға медициналық көмек оның түрін, алу негіздерін және қолданыстағы қаржыландыру тәртібін ескере отырып көрсетіледі.
Әскери-медициналық мекемеде медициналық қызмет алу құқығы белгіленген шарттардан тыс медициналық көмектің барлық түрлерін автоматты түрде алуды білдірмейді.
