Бағаның негізсіз өсуіне қалай шағымдануға болады?

Жүктеу

Сіз қашан шағым бере аласыз?

Азаматтар төмендегі құқық бұзушылықтардың белгілері болған жағдайда уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы:

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кету. Заңнамада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан аспайтын мөлшерде шектеу көзделген.

  • Кассадағы бағаның баға белгісінде көрсетілген бағамен сәйкес келмеуі. Егер тауарға ақы төлеу кезінде оның құны баға белгісінде көрсетілген бағадан жоғары болса, тұтынушы тауарды көрсетілген бағамен сатуды талап етуге құқылы.

  • Белгіленген шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларын бұзу. Егер заңнамада белгіленген тәртіппен жекелеген ӘМАТ-қа шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары енгізілсе, олардың асып кетуі шағымдануға негіз болуы мүмкін.

  • Баға бойынша сөз байласу белгілері. Нарық қатысушыларының бәсекелестікті шектеуге бағытталған келісілген әрекеттері туралы мәліметтер болған жағдайда азаматтар монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.

Тауар бағасының өсуі өздігінен барлық жағдайда заңнаманы бұзу болып табылмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:47
  1. Сіз қашан шағым бере аласыз?