Сапасыз тауар немесе көрсетілетін қызмет туралы шағымды қалай беруге болады?
ЖүктеуСотқа жүгіну
Егер сатушымен (дайындаушымен, орындаушымен) дауды реттеу мүмкін болмаса, тұтынушы бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Сотта қандай талаптар қоюға болады?
Істің мән-жайларына және заңда көзделген негіздерге байланысты тұтынушы мыналарды талап ете алады:
-
төленген ақшалай қаражатты қайтаруды;
-
сапасыз тауарды ауыстыруды;
-
тауардың немесе көрсетілген қызметтің кемшіліктерін жоюды;
-
келтірілген залалды өтеуді;
-
заңда немесе шартта көзделген тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды;
-
моральдық зиянды өтеуді.
Сотқа талап арызды қалай беруге болады?
-
Құқық бұзушылықтың мән-жайлары мен талаптарыңызды көрсете отырып, талап арыз дайындаңыз.
-
Тауардың сатып алынғанын, қызметтің көрсетілгенін, кемшіліктердің бар екенін және наразылықтың жолданғанын растайтын құжаттарды тіркеңіз.
-
Азаматтық процестік заңнаманың талаптарын ескере отырып, істің қай соттың қарауына жататынын анықтаңыз.
-
Талап арызды белгіленген тәртіппен, оның ішінде электрондық сот сервистері арқылы сотқа беріңіз.
Тұтынушылардың құқықтарын бұзуға байланысты талап қоюлар бойынша салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төлеу жөнінде жеңілдіктер көзделген.
