Сапасыз тауар немесе көрсетілетін қызмет туралы шағымды қалай беруге болады?

Жүктеу

Сатушымен мәселені шешуге тырысу

Егер сатып алынған тауар сапасыз болып шықса немесе қызмет тиісінше көрсетілмесе, алдымен сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылықпен жүгініңіз.

Наразылықты қалай беруге болады?

  1. Құқық бұзушылықты және өз талаптарыңызды сипаттай отырып, жазбаша наразылық дайындаңыз.

  2. Қолда бар растайтын құжаттарды тіркеңіз: чек, шарт, кепілдік талоны, хат алмасу материалдары, кемшіліктерді растайтын фотосуреттер немесе бейнежазбалар.

  3. Наразылықты мына тәсілдердің бірімен жолдаңыз:

    • сатушыға жеке тапсырып, қабылданғаны туралы белгі алу;

    • табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы;

    • егер тиісті электрондық пошта мекенжайын сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, электрондық пошта арқылы.

Наразылық қандай мерзімде қаралады?

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылықты қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жазбаша дәлелді жауап беруге міндетті.

Егер сатушы белгіленген мерзімде жауап бермесе немесе құқық бұзушылықты ерікті түрде жоюдан бас тартса, тұтынушы құзыретті мемлекеттік органға жүгінуге немесе заңда көзделген құқықтарын қорғаудың басқа да тәсілдерін пайдалануға құқылы.

Маңызды! Наразылықтың көшірмесін және оның табыс етілгенін растайтын құжатты сақтаңыз. Бұл құжаттар дауды одан әрі қарау кезінде қажет болуы мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:450
  1. Сатушымен мәселені шешуге тырысу