Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?
ЖүктеуКонкурс нәтижелерін біліп, оқуға қабылдауды рәсімдеңіз.
Конкурс аяқталғаннан кейін жергілікті білім басқармалары мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды бөлу нәтижелерін ресми интернет-ресурстарда жариялайды.
2026 жылы конкурс нәтижелерін жариялау мерзімдері:
-
3 тамыз — өнер және мәдениет мамандықтары бойынша.
-
18 тамыз — педагогикалық мамандықтар бойынша.
-
18 тамыз — 9-сынып негізінде медициналық мамандықтар бойынша.
-
20 тамыз — 11-сынып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде медициналық мамандықтар бойынша.
-
25 тамыз — мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша негізгі конкурс нәтижелері.
Нәтижелер жарияланғаннан кейін колледждің қабылдау комиссиясы ұсынған ақпаратпен танысып, оқуға қабылдану үшін қажетті әрекеттерді орындау қажет.
Электрондық сервистер арқылы оқуға түсу кезінде өтініштің қаралуы туралы ақпарат жеке кабинетте ұсынылады. Оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін оқуға түсушіге білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа қол қою қажеттігі жөнінде SMS-хабарлама жіберілуі мүмкін.
Оқуға қабылдау туралы ақпарат колледждердің ресми интернет-ресурстарында да орналастырылады.
