Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Грантқа арналған конкурсты өту

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау конкурсы орташа конкурстық балды, таңдалған мамандықтарды және белгіленген қабылдау квоталарын ескере отырып өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының көпшілігі үшін оқуға түсушілерді автоматтандырылған бөлу Ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ) арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін көзделген түсу емтихандарының нәтижелері қосымша ескеріледі.

2026 жылы конкурстық іріктеуді өткізу мерзімдері:

  • 29 шілдеден 2 тамызға дейін — шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша.

  • 16–17 тамыз аралығында — педагогикалық мамандықтар бойынша.

  • 16–17 тамыз аралығында — 9-сынып негізінде медициналық мамандықтар бойынша.

  • 18–19 тамыз аралығында — 11-сынып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде медициналық мамандықтар бойынша.

  • 23–24 тамыз аралығында — мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша негізгі конкурс.

Конкурс тиісті мамандықтар бойынша бөлінген орындар саны шегінде өткізіледі.

Мәдениет және спорт саласындағы жекелеген білім беру ұйымдары үшін конкурстық бөлудің ерекше тәртібі көзделген.

Маңызды: орташа конкурстық балдар тең болған жағдайда қабылдау қағидаларында белгіленген қосымша өлшемшарттар, оның ішінде білім туралы құжаттың орташа балы және квоталық санат ескеріледі.

Жаңарту күні: Көру саны:341
  1. Грантқа арналған конкурсты өту