Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Қажетті құжаттарды жинаңыз

Колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет

Колледжге оқуға түсуге өтініш беру үшін қолданыстағы қабылдау қағидаларына сәйкес құжаттарды дайындау қажет.

Негізгі құжаттар:

  1. Оқуға қабылдау туралы өтініш.

  2. Тиісті деңгейдегі білім туралы құжат.

  3. Өлшемі 3 × 4 см цифрлық фотосурет.

  4. № 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

  5. Көзделген жағдайларда оқуға түсушінің ерекше мәртебесін растайтын қосымша құжаттар.

Мүгедектігі бар адамдардың жекелеген санаттары үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы талап етілуі мүмкін.

Өтінішті онлайн беру кезінде

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолжетімді мәліметтер тиісті құжаттарды қайта ұсынбай, электрондық түрде берілуі мүмкін.

Егер қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелерде болмаса, оқуға түсуші мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген тәсілмен құжаттарды ұсынуы қажет.

Кәмелетке толмаған оқуға түсушілер үшін заңнамада көзделген жағдайларда құжаттарды рәсімдеу заңды өкілдің қатысуымен жүзеге асырылады.

Құжаттардың өзекті тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспортында орналастырылған.

Жаңарту күні: Көру саны:294
  1. Қажетті құжаттарды жинаңыз