Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?
ЖүктеуМемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледжге түсу тәртібі
Тегін оқуға түсу үшін:
-
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бөлінген мамандық пен колледжді таңдау.
-
Құжаттарды қабылдау талаптары мен мерзімдерімен танысу.
-
Қажетті құжаттарды дайындау.
-
Белгіленген тәртіппен электрондық үкімет порталы арқылы немесе колледжге өтініш беру.
-
Таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша талап етілген жағдайда әңгімелесуден, арнайы немесе шығармашылық емтиханнан өту.
-
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды конкурстық бөлуге қатысу.
-
Конкурс нәтижелерімен танысу.
-
Оқуға қабылданғаннан кейін білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу қажет.
Маңызды: өтініш беру және конкурсқа қатысу тегін оқу орнының берілуіне кепілдік бермейді. Орындарды бөлу белгіленген өлшемшарттарға және бөлінген орындар санына сәйкес жүзеге асырылады.
