Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?
ЖүктеуҚұжаттарды тапсыру мерзімдері
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
-
2026 жылғы 25 маусымнан 27 тамызға дейін — білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағдарламаларына.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 22 тамызға дейін — орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанына.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 20 шілдеге дейін — шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 10 тамызға дейін — педагогикалық мамандықтарға.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 10 тамызға дейін — 9-сынып негізінде медициналық мамандықтарға.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 15 тамызға дейін — 11-сынып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде медициналық мамандықтарға.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 27 тамызға дейін — ақылы негізде оқуға.
-
2026 жылғы 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін — кешкі және сырттай оқу нысандарына.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері таңдалған мамандыққа, оқу нысанына және бұрын алған білім деңгейіне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
