Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Колледж мамандықтарын қалай таңдауға болады?

Өтініш берер алдында колледжді және білім беру бағдарламасын таңдау қажет.

Оқуға түсу кезінде талапкер төрт мамандыққа дейін және төрт колледжге дейін таңдай алады.

Мамандықтар, біліктіліктер және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген орындар саны туралы ақпарат білім басқармалары мен колледждердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

Іріктеу қалай жүргізіледі

  • Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламаларына қабылдау белгіленген тәртіппен әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

  • Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврларды даярлау бағдарламаларына конкурс білім туралы құжаттың орташа конкурстық балын ескере отырып өткізіледі.

  • Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін қосымша түсу емтихандары көзделген.

Өтініш берер алдында таңдалған мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының бар-жоғын және нақты колледждің талаптарын нақтылау ұсынылады.

Жаңарту күні: Көру саны:215
  1. Колледж мамандықтарын қалай таңдауға болады?