Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Колледждерге кімдер тапсыра алады?

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына тиісті алдыңғы білім деңгейін меңгерген тұлғалар қабылданады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес колледждерге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, қандастар және заңнамада көзделген жағдайларда басқа да санаттағы тұлғалар түсе алады.

Тегін оқу

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы біліктілігін бере отырып, тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврларды даярлау бағдарламалары бойынша тегін оқу белгіленген шарттар сақталған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдау квоталары көзделген.

Маңызды: колледжге түсу құқығы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орынның автоматты түрде берілуін білдірмейді.

Жаңарту күні: Көру саны:370
  1. Колледждерге кімдер тапсыра алады?