Қызмет көрсетушінің қандай әрекеттері немесе әрекетсіздігі құқықтардың бұзылуы ретінде қарастырылады?

Жүктеу

Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан құқық бұзушылықтар болған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне шағымданудың қандай тектіктері бар?

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтары бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қызмет берушінің және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.

Шағымды қайда беруге болады?

  • Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызмет берушіге.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға.

Шағым беру тәсілдері:

  1. eOtinish.kz арқылы — қаралу барысын қадағалау мүмкіндігімен электрондық өтініш беру.

  2. eGov.kz арқылы — «Электрондық өтініштер» бөлімінен eOtinish сервисіне өту.

  3. eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы — eOtinish сервисін пайдалану.

  4. Жазбаша нысанда — тиісті мемлекеттік органның кеңсесі арқылы.

  5. «Нәтиже» өтініштерді қабылдау орталықтары арқылы — ХҚКО бөлімшелерінде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету және шағым беру тәртібі бойынша кеңес алу үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Шағымды қарау мерзімдері

  • Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызмет берушіге немесе органға келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Заңда көзделген жағдайларда шағымды қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Мерзімнің ұзартылғаны және оның себептері туралы өтініш берушіге белгіленген тәртіппен хабарланады.

Сотқа жүгінуге бола ма?

Иә. Қызмет берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағымдануға болады.

Маңызды! 1414 нөмірі бойынша кеңес алу ресми шағым беруді алмастырмайды. Шағым қаралуы үшін ол белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс.

Жаңарту күні: Көру саны:101
  1. Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан құқық бұзушылықтар болған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне шағымданудың қандай тектіктері бар?