Самокаттарды пайдалану қағидалары
ЖүктеуТыйым салынады
- Рульден кемінде бір қолмен ұстамай жүру.
- Жолаушыларды немесе жүктерді тасу (арнайы жабдық болмаған жағдайда).
- Солға бұрылу немесе жолдың жүріс бөлігіне қайта шығу кезінде трамвай жолдары бар немесе бірнеше қозғалыс жолағы бар көшелерде маневр жасау.
- Жаяу жүргіншілер өткелін электросамокат үстінде өту — міндетті түрде түсіп, жаяу жүру керек.
Жауапкершілік
Электросамокаттарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, бұл ретте электросамокатты тәркілеу және айыппұл тұрағына қою мүмкіндігі бар (мысалы ауыр бұзушылық жасағанда).
Электросамокатшылардың жол қозғалысы ережесін бұзғаны жөнінде шағымды https://qamqor.gov.kz/ сайтының басты бетінде «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы немесе «102» байланыс арнасы арқылы полицияға жолдауға болады.
