Қазақстандағы зейнеткерлерге әлеуметтік көмек: не қолжетімді және оны қалай пайдалануға болады?
ЖүктеуАстана қаласындағы өңірлік әлеуметтік қолдау шаралары
Қазақстанның елордасы Астанада қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қызметтің бірқатар түрлері көрсетіледі.
Елордада тұратын қарт азаматтар үшін жергілікті бюджет есебінен мынадай қосымша шаралар көзделген:
Қарттар күніне арналған біржолғы ақшалай төлемдер (1 қазан): 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде төлем.
Санаторлық-курорттық емдеу: жәрдемақы санаттарына және жасына байланысты зейнеткерлерге екі жылда бір рет бірлесіп қаржыландыру шарттарымен беріледі:жасы бойынша зейнеткерлер жолдама құнының 20% төлейді; ең төменгі зейнетақы алушылар қатарынан жасы бойынша зейнеткерлер-құнының 15%. (Санаторий-курорттық емдеуге жазылу портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады birge.astana.kz ЭЦҚ пайдалана отырып).
Тұрғын үйді газдандыруға арналған шығыстардың өтемақысы: азаматтардың жекелеген санаттарына 130 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.
Қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру: барлық зейнеткерлер үшін қол жетімді (таксиден басқа).
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары және стационарлық күтім: күндізгі орталықтардың қызметтері және мәдени-демалыс бағдарламалары.
Порталда өмірлік жағдайлар ірі қалалардың ерекшеліктерін ескере отырып, мысал ретінде ұсынылған. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және мәселелерді шешу тәртібі өңірге қарай өзгеше болуы мүмкін. Пайдаланушыларға тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органына (әкімдікке) жүгіну ұсынылады.
