Қазақстанда QR коды арқылы дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Жүктеу

Ол қалай жұмыс істейді?

QR-код арқылы электрондық рецепт бойынша тегін дәрілік заттарды алу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Дәрігердің тағайындауын алыңыз. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда дәрігер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) электрондық рецепт ресімдейді.

  2. eGov Mobile қосымшасын ашыңыз. Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз.

  3. «Әлеуметтік әмиян» бөліміне өтіңіз. «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бөлімшесін таңдаңыз.

  4. Электрондық рецептті ашыңыз. Қосымшада тағайындалған дәрілік препараттарға арналған QR-коды бар электрондық ваучер көрсетіледі.

  5. Дәрілік заттарды алуға жүгініңіз. Тиісті амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын медициналық ұйым жанындағы дәрілік заттарды беру пунктіне немесе дәріханаға барыңыз.

  6. QR-кодты көрсетіңіз. Медицина немесе фармацевтика қызметкері кодты сканерлеп, белгіленген тәртіппен тағайындалған дәрілік препараттарды береді.

Смартфон болмаса немесе QR-код қолжетімсіз болса, не істеу керек?

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметін алатын медициналық ұйымға жүгініңіз. Пациентті сәйкестендірудің көзделген басқа тәсілін пайдалана отырып, дәрілік препараттарды алу мүмкіндігін нақтылаңыз.

Маңызды!

  • QR-код ресімделген электрондық рецепт бойынша дәрілік препараттарды алу үшін пайдаланылады.

  • Сервис дәрігердің тағайындауынсыз кез келген дәрілік заттарды тегін алуға құқық бермейді.

  • Дәрілік заттарды беру мүмкіндігі қолданыстағы рецепттің болуына, пациенттің амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу құқығына және дәрілік заттарды беретін ұйымға байланысты.

  • QR-кодты пайдалану дәрілік заттарды алудың көзделген басқа тәсілдерін жоққа шығармайды.

 
Жаңарту күні: Көру саны:772
  1. Ол қалай жұмыс істейді?