Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық көмек ала алады?

Жүктеу

Емханаға қалай бекітіледі?

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін ұйымға тіркелу тәртібі адамның құқықтық мәртебесіне және медициналық көмек алу негізіне байланысты.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қандастар және босқындар

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелу белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

eGov.kz порталы арқылы өтінішті қалай беруге болады?

  1. eGov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз.

  3. Медициналық ұйымды таңдаңыз.

  4. Өтінішті толтырып, жіберіңіз.

  5. Жеке кабинетіңізден тіркелгеніңіз туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алыңыз.

Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер және пана іздеп жүрген адамдар

Ерікті немесе жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша медициналық көмек алу үшін тіркелу шартта көзделген медициналық ұйымда жүзеге асырылады.

Тіркелу үшін:

  1. Тиісті МСАК қызметтерін қамтитын ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) немесе жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) шартын жасасу.

  2. Шартта көрсетілген медициналық ұйымға жүгіну.

  3. Қазақ немесе орыс тілінде еркін нысанда өтініш беру.

  4. Жеке басты куәландыратын құжатты және медициналық сақтандыру шартын ұсыну.

  5. Тіркелгеніңіз туралы растауды алу қажет.

Өтініш белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымы арқылы да берілуі мүмкін.

ЕМС немесе ЖМС шеңберінде емханаға тіркелу тиісті шарттың қолданылу мерзімі ішінде жарамды болады.

Маңызды! Емханаға тіркелу барлық медициналық қызметтерді автоматты түрде тегін алуға құқық бермейді. Қолжетімді медициналық көмектің көлемі адамның құқықтық мәртебесіне, ТМККК, МӘМС шарттарына немесе сақтандыру шартының талаптарына сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:1445
  1. Емханаға қалай бекітіледі?