Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық көмек ала алады?

Жүктеу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қалай жүгінуге болады?

Егер шетелдік азаматта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне немесе медициналық көмек алу құқығын растауға қатысты сұрақтар туындаса, мәліметтерді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан нақтылау қажет.

Іс-қимыл тәртібі

  1. Қолжетімді ресми сервистер арқылы МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебеңізді тексеріңіз.

  2. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда құқықтық мәртебеңіз, еңбек қызметіңіз және төленген жарналар туралы мәліметтерді нақтылаңыз.

  3. Түсіндірме алу немесе мәліметтерді түзету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгініңіз.

  4. Қажет болған жағдайда e-Otinish жүйесі арқылы ресми өтініш беріңіз.

Қандай құжаттар қажет болуы мүмкін?

Жағдайға байланысты мынадай құжаттар сұратылуы мүмкін:

  • жеке басты куәландыратын құжат;

  • тұруға ықтиярхат немесе елде заңды түрде болуды растайтын құжат;

  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

  • еңбек шарты;

  • отбасылық қатынастарды растайтын құжаттар;

  • МӘМС жүйесіне жарналар немесе аударымдар төленгенін растайтын құжаттар.

Құжаттардың нақты тізбесі жүгіну негізіне байланысты.

Маңызды! e-Otinish жүйесі арқылы өтініш беру шетелдіктердің МӘМС жүйесіне қатысуы үшін барлық жағдайда міндетті талап болып табылмайды. МӘМС жүйесінде құқықтар мен міндеттердің туындауының әртүрлі негіздері көзделген, ал Қорға жүгіну ең алдымен нақты жағдайды анықтау немесе реттеу үшін қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:2533
  1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қалай жүгінуге болады?