Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық көмек ала алады?
ЖүктеуҚазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кімдер қатыса алады ?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі оған қатысудың белгіленген шарттары сақталған жағдайда бекітілген тізбеге енгізілген медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
МӘМС жүйесіне кімдер қатыса алады?
1. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде МӘМС жүйесінде құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.
2. Қандастар
Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде МӘМС жүйесінде құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады.
3. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері
Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО мемлекеттерінің азаматтары халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес МӘМС жүйесіне қатыса алады.
Заңда көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушілер МӘМС жүйесіне аударымдар жасайды, ал жұмыскерлер жарналар төлейді.
4. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің отбасы мүшелері
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері халықаралық шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу үшін белгіленген шарттарды сақтау қажет.
5. Қазақстанда уақытша болатын басқа да шетелдіктер
Қазақстанда уақытша болу немесе еңбек шартының болуы өздігінен МӘМС жүйесіне автоматты түрде қатысуды білдірмейді. Медициналық көмек ТМККК-нің қолданыстағы қағидаларына, медициналық сақтандыру шарттарына сәйкес немесе ақылы негізде көрсетіледі.
Маңызды! МӘМС жүйесінде қызметтерді алу үшін сақтандырылу мәртебесін тексеру қажет. Жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН), тұруға ықтиярхаттың, уақытша тұруға рұқсаттың немесе медициналық сақтандыру шартының болуы өздігінен МӘМС жүйесіндегі қолданыстағы сақтандырылу мәртебесін растамайды.
