Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық көмек ала алады?

Жүктеу

Шетелдіктерге қандай медициналық қызметтер тегін көрсетіледі?

Қазақстанда тегін медициналық көмек алу құқығы адамның құқықтық мәртебесіне байланысты.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.

Қандастар мен босқындар

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы.

Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен белгіленген тізбе мен көлем шегінде айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде ТМККК шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы.

Пана іздеп жүрген адамдар

Көрсетілген тізбеде көзделген аурулар кезінде белгіленген көлемде ТМККК шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы.

Еңбек мигранттары

Медициналық көмек алу тәртібі азаматтығына, елде болу негіздеріне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысуына және медициналық сақтандыру шартының болуына байланысты.

Шұғыл жағдайда не істеу керек?

Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнген жағдайда 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, дереу жедел медициналық көмекке жүгіну қажет.

Көрсетілген медициналық көмектің ақысын төлеу тәртібі заңнамаға, халықаралық шарттарға және сақтандыру талаптарына сәйкес айқындалады. Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктерге медициналық көмектің барлық түрлері тегін көрсетілмейді.

Маңызды! Тиісті санаттағы адам үшін ТМККК немесе МӘМС шеңберінде көзделмеген медициналық көмек ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС), жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) шарты бойынша немесе ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:3615
  1. Шетелдіктерге қандай медициналық қызметтер тегін көрсетіледі?