Электрондық еңбек биржасында сұранысқа ие дағдыларды қалай үйренуге немесе біліктілікті арттыруға болады?

Жүктеу

Skills Enbek онлайн платформасында қалай оқуға болады?

Skills Enbek платформасында әртүрлі бағыттар бойынша тегін және ақылы курстардың үлкен каталогы тұрақты түрде қолжетімді. Курстың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.

Skills.enbek.kz тікелей сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасынан (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы оқуға қол жеткізуге болады.

Оқуды аяқтағаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеуден өтуі керек. Онлайн курсты сәтті аяқтағаннан кейін дағдыны меңгергендігі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушының курсты бағалауы.

Бұл сертификат білім алушының электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркеу кезінде жасаған түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көреді.

Платформада онлайн курстарды жариялау авторлар мен әзірлеушілер үшін тегін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Техникалық қолдау мәселелері бойынша пайдаланушылар платформаның ресми байланыс арналары арқылы хабарласа алады.

 

Жаңарту күні: Көру саны:6191
  1. Skills Enbek онлайн платформасында қалай оқуға болады?