Сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар) туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Жүктеу

Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігінің мониторингі

Өнімдер (тауарлар) қауіпсіздігінің мониторингі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) әкелуді, өндіруді, қолдануды және өткізуді анықтауға, болдырмауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Мониторинг барысында анықталған халық денсаулығына тәуекел төндіретін өнімдер (тауарлар) Сәйкес емес өнімдер тізіліміне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекіткен «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылады.

Жаңарту күні: Көру саны:367
  1. Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігінің мониторингі