Қалай нотариус болуға болады

Жүктеу

Қалай нотариалдық қызметпен айналысуға лицензия алуға болады

Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін, заңнамада көзделген олардан босату жағдайларын қоспағанда, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу қажет.

Лицензия алу тәртібі

  1. eGov.kz немесе eLicense.kz цифрлық үкімет веб-порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Лицензия алуға арналған электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Қағидаларда көзделген мәліметтер нысанын толтырыңыз.

  5. Лицензиялық алымды төлеңіз.

  6. Төлем порталдың төлем шлюзі арқылы жүргізілмеген жағдайда, төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тіркеңіз.

  7. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  8. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетіңізден қадағалаңыз.

Лицензия алу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес мыналар ұсынылады:

  • белгіленген нысан бойынша жеке тұлғаның өтініші;

  • мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген мәліметтер нысаны;

  • төлем порталдың төлем шлюзі арқылы жүргізілмеген жағдайда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

Жеке куәлік, соттылықтың болуы немесе болмауы және тиісті медициналық есепте тұру туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

Құны: 6 АЕК.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Нәтижесі: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына электрондық лицензия немесе оны беруден дәлелді бас тарту.

Өтініш берушінің таңдауы бойынша аттестаттау және лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер заңнамада белгіленген тәртіппен «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілуі мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:3997
  1. Қалай нотариалдық қызметпен айналысуға лицензия алуға болады