Қалай нотариус болуға болады
ЖүктеуКім нотариус бола алады
Қазақстан Республикасында нотариус болу үшін Қазақстан Республикасының азаматы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
-
25 жасқа толған болуы.
-
Жоғары заң білімінің болуы.
-
Заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы.
-
Нотариуста кемінде 1 жыл тағылымдамадан өтуі.
-
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуі.
-
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуы.
Заңнамада жекелеген санаттағы адамдар үшін тағылымдамадан және аттестаттаудан өтудің жалпы тәртібінен ерекшеліктер көзделген.
Талаптар мен шектеулер Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 6–8-баптарында белгіленген.
